Педофил шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваға порнография суреттері бар хат жолдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Педофил шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваға порнография суреттері бар хат жолдаған

Педофил жарыстарға Ресейдің атынан шығып жүрген 14 жастағы қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваға порнографиялық суреттері бар хат жолдаған. Бұл туралы жас спортшының анасы Лиана Таңжарықова chess-news.ru сайтында жазды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Педофил жарыстарға Ресейдің атынан шығып жүрген 14 жастағы қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваға порнографиялық суреттері бар хат жолдаған. Бұл туралы жас спортшының анасы Лиана Таңжарықова chess-news.ru сайтында жазды. 

Лиана Таңжарықованың айтуынша, Батумиде өткен әлем чемпионатында Бибісара әлемнің экс-чемпионы Александр Халифманмен ойнаған еді. Бірнеше күннен кейін Бибісараның атына хат түсіп, оны шахмат клубының қызметкерлері ашқан. "Хат мазмұны барлығын таңалдырды - онда порнографиялық журналдың парағы болды, ол суретте бір топ жігіт кішкентай қызды зорлап жатқаны бейнеленген. Хатта қолданылған мүшеқап болды", - деп жазды ол.

Хат жіберуші ретінде Халифман есімі жазылған. Нақты мекен-жайы хатта көрсетілген. Сондай-ақ, онда Рига-Латвия мөрі басылған. Клуб қызметкерлері полиция шақыртып, олар өз кезегінде бұл деректі тіркеді. 

"Бұл зорлықшының кім екенін білмеймін, бірақ есі ауысқан ұятсыз неме екен, химиялық кастрация қажет. Халифман мырзадан күдіктеніп отырған жоқпыз, кездесуден кейін оған осы жағдайды естіртіпті, ол бізден де қатты таңғалыпты", - деп әңгімеледі шахматшының анасы.

Лиана Таңжарықова хат жіберушіге қызынан аулақ жүруге кеңес берді. 

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде қазақстандық шахматшы қызға қатысты тағы бір дау шыққан еді. Ресейлік бапкер Евгений Соложенкин Бибісараны алаяқ деп айыптаған, нақтырақ айтсақ, оны электронды құжаттар мен гроссмейстерлердің кеңесін тыңдады деп айыптаған 

Осыдан кейін іспен ресейлік белгілі адвокат Александр Добровинский айналыса бастаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети