Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Сочи-2014" Олимпиада ойындарында 50 шақырымға еркін стильмен жүгіру сайысына түспейді, деп хабарлайды Vesti.kz. Ақпанның 21-інде спортшы Өскеменге оралады. "Сочи-2014" ойындары кезінде ауа райының тым жылы болуынан қазақстандықтардың медаль аламыз деген үміті ақталмай қалды. "Мен ол жаққа мұндай көрсеткішпен барған жоқпын. Ванкуверден кейін 4 жыл үздіксіз дайындалдым. Сочиде жоғары нәтиже көрсету үшін мақсатты түрде өз-өзімді шыңдадым", - дейді спортшы. Қазақстандық шаңғышының жаттықтырушысы Алексей Наконечныйды "Сочи-2014" қорытындысы қайран қалдырған секілді. Оның сөзіне қарағанда, Олимпиада медалін күтпеген жерден жас спортшылар, не болмаса жасы келгендер немесе жарақаттанған спортшылар жеңіп алыпты. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар. XXII "Сочи-2014" қысқы Олимпиада ойындары 8 ақпанда басталды. Бұл Олимпиадада бірнеше көрсеткіш бойынша рекорд тіркелді. Сочидегі сайысқа 88 елдің өкілі қатысқан, бұл соңғы өткен ойынға қатысқан мемлекеттер санынан 6 елге көп. Ванкуверде өткен ойында спортшылар 86 медаль жиынтығына таласқан болса, бұл жолы 98 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Олимпиада ойындары 23 ақпанда аяқталады. Қазақстан құрамасы "Сочи-2014" Олимпиада ойындарына 58 лицензия жеңіп алған. Алайда бүгінге дейін жалғыз қола медальға қол жеткіздік. Оны 20 жасар мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен алып берді.
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Сочи-2014" Олимпиада ойындарында 50 шақырымға еркін стильмен жүгіру сайысына түспейді, деп хабарлайды Vesti.kz. Ақпанның 21-інде спортшы Өскеменге оралады.
"Сочи-2014" ойындары кезінде ауа райының тым жылы болуынан қазақстандықтардың медаль аламыз деген үміті ақталмай қалды. "Мен ол жаққа мұндай көрсеткішпен барған жоқпын. Ванкуверден кейін 4 жыл үздіксіз дайындалдым. Сочиде жоғары нәтиже көрсету үшін мақсатты түрде өз-өзімді шыңдадым", - дейді спортшы.
Қазақстандық шаңғышының жаттықтырушысы Алексей Наконечныйды "Сочи-2014" қорытындысы қайран қалдырған секілді. Оның сөзіне қарағанда, Олимпиада медалін күтпеген жерден жас спортшылар, не болмаса жасы келгендер немесе жарақаттанған спортшылар жеңіп алыпты. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар.
XXII "Сочи-2014" қысқы Олимпиада ойындары 8 ақпанда басталды. Бұл Олимпиадада бірнеше көрсеткіш бойынша рекорд тіркелді. Сочидегі сайысқа 88 елдің өкілі қатысқан, бұл соңғы өткен ойынға қатысқан мемлекеттер санынан 6 елге көп. Ванкуверде өткен ойында спортшылар 86 медаль жиынтығына таласқан болса, бұл жолы 98 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Олимпиада ойындары 23 ақпанда аяқталады.
Қазақстан құрамасы "Сочи-2014" Олимпиада ойындарына 58 лицензия жеңіп алған. Алайда бүгінге дейін жалғыз қола медальға қол жеткіздік. Оны 20 жасар мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен алып берді.