15 наурыз 2014 | 11:53

Полторанин де сенім үдесінен шыға алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fis-ski.com сайтынан алынды Фото fis-ski.com сайтынан алынды

Маусым соңында шаңғымен жарысу спортының саңлақтары да әлем кубогының ақтық сынында бақ сынап жатыр. Фалунде (Швецияда) өтіп жатқан әлем кубогының 12-кезеңінде Алексей Полторанин де отандастарын қуанта алар емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алексей ерлер арасындағы спринтте жартылай финалдан аса алмады. Електік сында бәйгеге түскен 49 шаңғышының ішінде 20-орынға ие болып, жартылай финалға шыққан. Іріктеуде бірінші орынды швед Калле Хальфварссон иеленген болатын. Содан 30 шаңғышы бәйгеге түскен жартылай финалда Полторанин бірінші алтылықта жүгірді. Бұл алтылықта жоғарыда өзіміз атап өткен Хальфварссон да бақ сынады. Ол нағыз бабында екен, Канада шаңғышысы Алекс Харвимен бірге топ жарып, финалға шықты. Ал осы алтылықта мәре сызығын бесінші болып қиған Полторанин, әрине, ақтық сынға шыға алмады. Жартылай финалдың қорытындысы бойынша 22-орынды қанағат тұтып, әлем кубогының ақтық сынын сәтсіз аяқтады. Негізі, бұл Алексей ұнататын классикалық әдіспен өткен жарыс еді. Финалда Швеция шаңғышылары көсіле шапты. Жеңіс тұғырын толықтай осы елдің жалынды жігіттері иеленді. Атап айтқанда, Теодор Петерсон жеңімпаз атанып, Эмиль Йонссон екінші, ал Калле Хальфварссон үшінші орынға ие болды. Енді Полторанин өз бағын 30 шақырымдық скиатлонда (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) сынап көрмек екен. Бұл бәйге бүгін кешке болады. Үмітіміз көмескі болса да, Фалуннен жағымды жаңалық күтеміз. Өздеріңіз білесіздер, Алексей Полторанинге Сочи Олимпиадасында айрықша сенім артылған болатын. Былтырғы әлем чемпионатында екі қола олжалаған шаңғышымыздан кемі бір жүлде күткенбіз. Бірақ ол сенім үдесінен шаға алмады. Енді әлем кубогын көңілге қонымды нәтижемен аяқтауға тырысатын шығар...

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети