Полторанин көш соңында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полторанин көш соңында қалды Сурет fis-ski.com сайтынан

Шаңғымен жарысу спортынан Фалунде (Швецияда) өтіп жатқан әлем кубогының ақтық сыны бағдарламасындағы скиатлон бәйгесінде Алексей Полторанин көш соңында қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Біздің уақытпен түнде аяқталған 30 шақырымдық скиатлонға (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) 48 спортшы қатысуы керек болатын. Алайда олардың төртеуі жарыс жолына шықпаған. Ал үшеуі көмбеге жетпеген. Сонда 41 шаңғышы ғана мәре сызығын қиған. Алексей Полторанин аталмыш бәйгеде 40-орынмен шектелді. Яғни төменнен санағанда – екінші... Алексей дәл қазір спорттық бабында емес сияқты. Олай дейтініміз, осы скиатлонн бәйгесінің бірінші жартысында, яғни өзі бейім классикалық әдіспен жарысуда да көңілге қонымды нәтиже көрсете алмаған. Скиатлонның бірінші жартысындағы көрсеткіштері 38-орыннан жоғары емес. Жалпы, Фалундегі скиатлон сынында Канада шаңғышысы Алекс Харвидің бағы жанып, жеңімпаз атанды. Норвегия саңлағы Мартин Йонсруд Сундбю одан сәл-пәл ғана қалып қойды. Үшінші орын орыс шаңғышысы Александр Легковқа бұйырды. Полторанин енді 15 шақырымдық ізге түсу жарысында бағын сынап көрмек. Бірақ оның жүлдеге ілігу ықтималдығы жоққа тән, десек те болады. Себебі, скиатлондағы көрсеткішіне қарай ол сөреден 40-шы болып шығады. Бұл бәйге бүгін кеш қараңғысында (21:00-де) басталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети