Сурет kazwintersports.com сайтынан
Сочиде шаңғымен жарысу спортынан қысқа қашықтықтағы қызу бәйгелер басталды. Біздің ел бес спортшы үкілеп қосып еді, солардың біреуі ғана алғашқы електен өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ерлер арасындағы спринтке осы спорт түріндегі басты үмітіміз Алексей Полторанинді қосқан жоқпыз. Бапкерлер солай шешкен болулары керек. Оның төркіні түсінікті. Спринтте еркін әдіспен жүгіру керек. Әрі финалға дейін төрт рет бәйгеге түсу қажет болады (бәрінен мүдірмей өтіп отырса, әрине). Ал Полторанин еркін әдіспен жүгіруден гөрі классикалық әдіспен жүйіткуге бейімдеу. Сондықтан Алексейді 14 ақпан күнгі 15 шақырымдық бәйгеге сақтап отырмыз (классикалық әдіс). Кім біледі, бәлкім, бүгін басты бәсекелестерінің біразы титықтап та қалар... Ал ерлер арасындағы спринт бәйгесінің алғашқы елегінде Николай Чеботько 30-орынға ие болып (соңғы вагонға ілігіп дейсіз бе, өз еркіңіз), ширек финалға шықты (алғашқы електен 30 спортшы шығады). Роман Рагозин 33-орынға, ал Денис Волотка 58-орынға табан тіреп, спринт бәсекесінен тыс қалды. Әйелдер арасындағы спринтте Елена Коломина 46-орынмен, Татьяна Осипова 57-орынмен шектеліп, екеуі де қызықты жарыстан тым ерте шығып қалды.
Сочиде шаңғымен жарысу спортынан қысқа қашықтықтағы қызу бәйгелер басталды. Біздің ел бес спортшы үкілеп қосып еді, солардың біреуі ғана алғашқы електен өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ерлер арасындағы спринтке осы спорт түріндегі басты үмітіміз Алексей Полторанинді қосқан жоқпыз. Бапкерлер солай шешкен болулары керек. Оның төркіні түсінікті. Спринтте еркін әдіспен жүгіру керек. Әрі финалға дейін төрт рет бәйгеге түсу қажет болады (бәрінен мүдірмей өтіп отырса, әрине).
Ал Полторанин еркін әдіспен жүгіруден гөрі классикалық әдіспен жүйіткуге бейімдеу. Сондықтан Алексейді 14 ақпан күнгі 15 шақырымдық бәйгеге сақтап отырмыз (классикалық әдіс). Кім біледі, бәлкім, бүгін басты бәсекелестерінің біразы титықтап та қалар...
Ал ерлер арасындағы спринт бәйгесінің алғашқы елегінде Николай Чеботько 30-орынға ие болып (соңғы вагонға ілігіп дейсіз бе, өз еркіңіз), ширек финалға шықты (алғашқы електен 30 спортшы шығады). Роман Рагозин 33-орынға, ал Денис Волотка 58-орынға табан тіреп, спринт бәсекесінен тыс қалды.
Әйелдер арасындағы спринтте Елена Коломина 46-орынмен, Татьяна Осипова 57-орынмен шектеліп, екеуі де қызықты жарыстан тым ерте шығып қалды.