ПСЖ клубтан қай ойыншылар кететінін шешті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПСЖ клубтан қай ойыншылар кететінін шешті Фото:facebook.com/PSG

ПСЖ алдағы екі трансферлік терезеде қаржылық фэйр-плей нормаларына сай болуы үшін маусымның соңына дейін 100 миллион еуроға ойыншыларын сатуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz және L'Equipe басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің айтуынша, егер париждік клуб 2022 жылдың жазына дейін өз ойыншыларын сату арқылы 100 миллион еуроны қоржынға сала алмаса, қаржылық фэйр-плей нормаларын бұзған болып саналады. Мұндай жағдайда УЕФА клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салатын болады.

Париждіктер қақпашы Серхио Рико, қорғаушылар Левен Курзава, Тило Керер, Абду Диалло, жартылай қорғаушылар Рафинья, Юлиан Дракслер, сондай-ақ, шабуылшы Мауро Икардиді сатуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети