"Қазақстан барысы" республикалық турнирін қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан барысы" республикалық турнирін қайдан көруге болады?

Қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" Республикалық турнирін Qazaqstan және Qazsport телеарналары  тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" Республикалық турнирін Qazaqstan және Qazsport телеарналары  тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы "Барыс-арена" мұз айдынында ҚР тұңғыш Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі өтеді. Жарыс күні сағат 13:00-де жеребе тарту рәсімі өтіп, сондай-ақ концерттік бағдарлама мен тамаша шоу ұйымдастырылмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 палуан белдеседі. Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы "Тайтұяқ" табыс етіледі. 

 ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.

Елордада өтетін аламанды Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан 8 маусым күні сағат 12:45-тен бастап көре аласыздар. "Қазақстан барысын" бірге анықтайық!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети