Қазақстан дзюдошысы Токио татамиінен қола медаль олжалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан дзюдошысы Токио татамиінен қола медаль олжалады Фото confederation.kz сайтынан алынды

Қазақстан дзюдошысы Рустам Ыбыраев Жапонияда өтіп жатқан "Үлкен Дулыға" халықаралық турнирінде жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  confederation.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан дзюдошысы Рустам Ыбыраев Жапонияда өтіп жатқан "Үлкен Дулыға" халықаралық турнирінде жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  confederation.kz сайтына сілтеме жасап.

60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Рустам алғашқы белдесуде йемендік Әли Хусрофты, екінші кездесуде көпшілікке танымал жапон балуаны Шинджи Кидоны жеңді. Содан соң чех Давид Пулкрабектен де айласын асырды.

Өкінішке қарай, жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Джин Вон Кимге есе жіберіп алды. Ал қола жүлде үшін өткен белдесуде Еуропа чемпионатының жүлдегері, Израиль дзюдошысы Артем Аршанскойдан басым түсті.

Токио татамиінде дәл осы салмақта біздің Ыбыраевты жеңген Джин Вон Ким (Оңтүстік Корея) жеңімпаз атанды. Екінші орын Жапония жігіті Тору Шишимеге бұйырды. Ал екі қоланың бірін Рустамнан бөлек Юма Ошима (Жапония) еншіледі.

Осы ретте айта кеткеніміз жөн болар, ақтөбелік Рустам Ыбраев биыл Шымкентте өткен Қазақстан біріншілігінде тұңғыш рет ел чемпионы атанған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети