Қазақстан күрестен 2020 жылғы Олимпиадаға алғашқы лицензияны иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан күрестен 2020 жылғы Олимпиадаға алғашқы лицензияны иеленді

Греко-рим стиліндегі қазақ балуаны Мейрамбек Айнағұлов құрама сапынан Токиода өтетін Олимпиада-2020 нормативін бірінші орындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

60 келіде белдесетін Мейрамбек Айнағұлов әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда ол хорватиялық Иван Лизатовичті 10:0 есебімен таза жеңді.

Осылайша, Айнағұлов балуандар арасынан алғаш болып Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Грек-рим күресінің ережесі бойынша, лицензиялық әлем чемпионатында 1-ден 5-ші орынға дейінгі аралықта орналасқан балуандарға Олимпиада жолдамасы беріледі.

Жартылай финалдық белдесу бүгін кешкі сессияда өтеді. Айнағұловтың қарсыласы - ресейлік Сергей Емелин.

Айта кетейік, өз салмағында команда үздігі саналатын Мейрамбек Айнағұлов 2017 жылғы әлем чемпионатының, Азия чемпионатының екі дүркін қола және Азия ойындарының қола жүлдегері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети