Қазақстан құрамасының бапкері Баландиннің жеңісін ғажайып деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының бапкері Баландиннің жеңісін ғажайып деп атады © АҒР

Жүзуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Вагизов жазғы Олимпиада ойындарында Дмитрий Баландиннің жеңісінен кейін Vesti.kz  тілшісіне берген сұхбатында өзінің қарамағындағы спортшының табысы туралы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүзуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Вагизов жазғы Олимпиада ойындарында Дмитрий Баландиннің жеңісінен кейін Vesti.kz  тілшісіне берген сұхбатында өзінің қарамағындағы спортшының табысы туралы айтып берді.

"Біз тарихи оқиғаның куәгері болдық. Біз ғажайып жасадық. "Бірінші рет алтын алдық.  Әрине, жаттығу жұмыстары жүргізілді, бірақ біздің жолымыз болып кетті. Біздің жігіттің қабілеті зор әрі ол нағыз талант. Оның айтуынша, шешуші фактор ретінде оның психологиялық дайындығы мықты болған. "Мұнда барлығы Олимпиада жеңімпазы атанғысы келетін нағыз талант иелері жүр. Финалда қарсыластар өте мықты болды. Қобалжу мен эмоцияны ұстау керек болды. Дима осыны жасап, қашықтықты бірінші болып бағындырды. Қас-қағым сәт, кіл мықтыны анықтады. Мен біздің баланың жеңгеніне өте қуаныштымын", - деді Вагизов.

Еске салайық, Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Қазақстан тарихында тұңғыш рет жүзуден Олимпиада чемпионы атанды. Ол 200 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзіп өтуде финалған шыққан еді. Баландин 2:07.46 уақыт нәтижесімен финалда сенсация жасаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети