Қазақстан құрамасының мәнерлеп жүзуден бас бапкері даулы мәлімдемеден кейін қызметтен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының мәнерлеп жүзуден бас бапкері даулы мәлімдемеден кейін қызметтен кетті Жанна Демченко © olympic.kz

Қазақстан құрамасының мәнерлеп жүзуден бас бапкері Жанна Демченко қызметтен кетті. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Жанна Демченко өткен айда өз еркімен қызметінен кетті. Бірақ жұмыстан кетуінің себебін айтпады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Жанна Демченко 1998 жылдан бері мәнерлеп жүзуден Қазақстан ұлттық командасының бас бапкері қызметінде болды.

Еске сала кетейік, осыған дейін ұлттық құраманың бұрынғы мүшелері Айгерім Исаева, Айгерім Жексембинова, Әмина Ермаханова, Айнұр Керей-Баймаханова мен Арна Тоқтаған тренерлік штаб жіберді делінген қателіктер жайлы даулы мәлімдеме жасап, шу шығарған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети