Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль түсті Сурет ХОК баспасөз қызметінен

Индонезияның Джакарта мен Палембангта қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны сегізінші алтын медальмен толықты. Көркем гимнастикадан жекелей сайысты Алина Әділханова топ жарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы жекелей сындағы төрт жаттығу (шеңбер), доп, таяқ (булава) және таспамен (лента) қорытындысы бойынша 66,500 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды. Күміс медальды Өзбекстан спортшысы Сабина Ташкенбаева (65,850) иеленді. Қола жүлдеге қытайлық Ятинг Жао (65,550) қол жеткізді.

Алина Әділханова XVIII жазғы Азия ойындарында екінші алтынын иеленді. Отандасымыз кеше командалық сайыста барын салып, қазақ елінің абыройын асырған еді.

Жекелей сайыста Адиля Тілекенова да жарыс жолына шыққан болатын. Ол 57,250 ұпай жинап, 24 қатысушының арасында 9-орын алды. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 8 алтын 8 күміс 29 қола медальмен жалпы есепте 10-орында келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети