Қазақстан спортшылары Азия ойындарына толықтай дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан спортшылары Азия ойындарына толықтай дайын Инчхон. Қазақстан делегациясы. Фотоны түсірген – Никита Басов

Қазақстан спортшылары ХVІІ жазғы Азия ойындарына толықтай дайын, енді тек өз кезектерін күтіп отыр, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан спортшылары ХVІІ жазғы Азия ойындарына толықтай дайын, енді тек өз кезектерін күтіп отыр, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Бүгін ХVІІ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ертеңнен бастап алғашқы жүлделер жиынтығы сарапқа салына бастайды. Осыдан бірер сағат бұрын, төрт жылда бір өтетін Азиада ойындарының тұсауы кесілген соң, спортшыларымыздың дайындығын білу үшін делегация басшысын (шеф-де-миссионын), бас бапкерлеріміздің бірін және спортшылардың екеуін сөзге тартқан едік. Енді солардың пікірлеріне назар аударыңыздар.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Инчхондағы Қазақстан делегациясының шеф-де-миссионы Елсияр Қанағатов:

ХVІІ жазғы Азия ойындарына спортшыларымыздың бәрі де бекітілген жоспар бойынша, жүйелі түрде дайындалды. Дайындық жұмыстары ойдағыдай өтті. Енді тек төрт жылда бір өтетін құрлықтық дүбірлі доданың басталуын күтудеміз.

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни:

– Біз үшін бұл жолғы басты сын – Алматыда өтетін әлем чемпионаты (қараша айының басындағы). Сондықтан Инчхондағы Азия ойындарына аралас құрама әкелдік. Яғни әлеуеті зор жастарға да мүмкіндік беріп отырмыз. Сонымен қатар, кейбір тәжірибелі зілтеміршілерімізге де сенім артамыз. Алтын дейсіз бе... Екі алтын алуымыз керек...

Су добынан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының белді ойыншысы Әсел Жақаева:

– Дайындығымызды Инчхонға келіп пысықтадық. Оңтүстік Кореяға Азия ойындарының басталуынан бір аптадан астам уақыт бұрын келгенбіз. Әзірлігіміз жаман емес. Бәрі де жақсы. Осыдан төрт жыл бұрынғы Азия ойындарында жіберген есемізді қайтаруға тырысамыз. Басты мақсат – бірінші орын. Қазір құрамада жастар да жетерлік, тәжірибелі ойыншыларда баршылық. Енді сол, мол тәжірибемізді жалынды жастардың күш-жігерлерімен біріктіре білу қажет.

Семсерлесу спортынан (шпагадан) Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Әсел Әлібекова:

– Дайындығымыз жаман емес. Енді тек, бәрі де – бағымызға байланысты. Бабымыз да, бағымыз да қатар "шапса", жекелей сын да, командалық сында жүлдеден дәмеліміз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети