Қазақстандық Арли Чонтейдің ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жолы болмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Арли Чонтейдің ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жолы болмады Арли Чонтей. © ААФ

Қазақстандық ауыратлет Арли Чонтейдің Хьюстонға ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жолы болмады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Арли Чонтейдің Хьюстонға ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жолы болмады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чонтей 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шықты. Жұлқа көтеруде ол 132 келі салмақты еңсеріп, жаттығуды екінші орынмен аяқтады. Ал серпе көтеруде қазақстандық спортшы 150 келіге тапсырыс беріп, үш мүмкіндігінде де штанганы көтере алмады.  

Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Чонтейдің сәтсіз өнер көрсетуі күтпеген жайт болығанын айтып берді. "Жаттығу кезінде ол 160-165 келіні оңай көтеріп жүрді, 150 келіні ол қандай жағдайда тұрса да көтеруі тиіс болған. Жұлқа көтеруде ол күміс жеңіп алды, ал одан кейін босаңсып қалды. Бірінші мүмкіндігінде ол көтерсе де ұстап тұра алмады, қазылар алқасы санамай қойды. Бұдан кейін ол тіпті өнер көрсете алмады, екінші мүмкіндігінде жарақат алып қалғанын көрдіңіздер", - деді бас бапкер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети