Қазақстандық ауыратлет өмір бойына спорттан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет өмір бойына спорттан шеттетілді Фаина Сиванбаева. © Сonfegeration.kz

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық спортшы Фаина Сиванбаеваны өмір бойына кез келген деңгейдегі спорт шараларына қатысу құқығынан айырды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық спортшы Фаина Сиванбаеваны өмір бойына кез келген деңгейдегі спорт шараларына қатысу құқығынан айырды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Оған мұндай жазаның қолданылуына бір антидопинг ережесін үш рет бұзуы себеп болыпты. Сиванбаева допинг қолданғаны үшін алғаш рет 2012 және 2014 жылдары жарыстарға қатысу құқығынан айырылған екен. Кейін спортқа қайта келген ол ұлттық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысады. Дегенмен, 2015 жылдың 7 қыркүйегінде өткен Азия чемпионаты кезінде алынған "А" сынамасы арқылы спортшының ағзасында тыйым салынған заттардың болғаны анықталды. 

Кейін Алматыдағы спортшылардың допингке қарсы зертханасы спортшының ағзасынан 2015 жылдың 5 қазанында Қазақстан Спартакиадасы кезінде алынған сынамадан да тыйым салынған заттар тапты. 

Айта кетейік, Сиванбаева Азия чемпионатында үшінші орын, ал Спартакиадада алтын жүлде жеңіп алған болатын. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети