Қазақстандық биатлоншыларға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық биатлоншыларға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысы шықты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншыларға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктен (WADA) келген құжаттарды өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

"... Достар, қазір ғана Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) біздің биатлоншыларымызға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысы бойынша спортшыларымыздың қанынан тыйым салынған заттар шықпағаны туралы ресми түрде қағаз алдық! Бұрындары айтқанымдай, біздің спортшылар таза!

Мен басынан өзіміздің командаға сендім және олардың сенімді ақтағанына дән ризамын. Қайталаймын бұл барлығымызға да үлкен сабақ болды. Ал мынау WADA құжаттары, номерлердің астарында біздің спортшылардың есімдері жасырылған", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Осыған дейін, Австрия полицейлерінің қазақстандық биатлоншылардан тыйым салынған заттарды тапқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты спортшылар допинг тексерісінен өткен еді.

Допинг қолданды деген күдікке ілінген Қазақстан құрамасының биатлоншылары Австрияның Хохфильцен қаласында аралас эстафетадан өткен әлем чемпионатына қатысты. Аралас эстафетаға Қазақстаннан Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Максим Браун мен Ян Савицкий қатысты. Олар 11-орынға тұрақтады. Ал алғашқы үздікте Германия, Франция және Ресей командалары тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети