"Қазақстандық мас күйде Азиада ойыншыларына тиіскен" - ҰОК өкілдері айыптауларға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстандық мас күйде Азиада ойыншыларына тиіскен" - ҰОК өкілдері айыптауларға жауап берді ©REUTERS

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері Джакартадағы Азиада ойындарында БАҚ өкілдерінің қазақстандық атлеттің спортшы қыздарға "тиісті" деген ақпаратына жауап берді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері Джакартадағы Азиада ойындарында БАҚ өкілдерінің қазақстандық атлеттің спортшы қыздарға "тиісті" деген ақпаратына жауап берді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін шетелдік басылымдардың бірінде қазақстандық атлеттің мас күйде жарыстағы спортшы қыздарға тиісіп, сүйіп алғысы келгенін туралы жазылған болатын. Бұл оқиғаның Азиада спортшыларына арналған асханада 22 тамызда болған делінеді.

Өз кезегінде Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері бүгінгі таңда оларға Азиада ойынын ұйымдастырушыларынан ешбір шағым түспегенін мәлімдеп отыр. 

"Сондықтан біз қазақстандық ойыншыға қатысты нақты ешбір жауап бере алмаймыз. Сонымен қатар, бізге әлі ешкім пікір білдіруімізді сұрап хабарласқан жоқ. Біз әрдайым БАҚ өкілдерінің мұндай ақпараттарына шынайы жауап береміз", - дейді ҚР ҰОК өкілі Жігер Азбергенов. 

Еске сала кетейік, Азиада ойынында Қазақстанның қоржысында 32 медаль бар. Оның ішінде үшеуі алтын, жеті күміс және 22 қола жүлделері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети