Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем кубогі кезеңінде алтын және күміс медальдарды жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем кубогі кезеңінде алтын және күміс медальдарды жеңіп алды Денис Никиша. © РИА Новости

Қазақстандық Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев Минскіде шорт-тректен өткен Әлем кубогының 500 метр қашықтықтағы қорытынды кезеңінде алтын мен күміс медальдарды жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Денис Никиша финалда 500 метр қашықтықты 41.219 секундта жүріп өтсе, Абзал  Әжғалиев 41.436 секунд көрсеткішін көрсетті. Ал үшінші болып 41.473 секундта канадалық Франсуа Амлен келсе, 4-орынға Оңтүстік Корея өкілі Ким Чон Чхун (41.540) тұрақтады. 

Айта кетейік, қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев 1000 метр қашықтықта өнер көрсетіп, екі рет қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, қазақстандық шорт-трекшілер 5 000 метр қашықтықта 3-орынға тұрақтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети