Қазақстандық спортшы допингке қарсы ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы допингке қарсы ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді Селина Жұматаева. © olympic.kz

Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының сайтында сараптамаларында тыйым салынған субстанциялардың анықталғаны үшін жарыстан шеттетілген спортшылардың жаңартылған тізімі жарияланды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының сайтында сараптамаларында тыйым салынған субстанциялардың анықталғаны үшін жарыстан шеттетілген спортшылардың жаңартылған тізімі жарияланды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жарияланған тізімге сәйкес, тыйым салынған субстанциялар гимнаст қыз Селина Жұматаеваның сараптама нәтижесінен табылған. Жарыс кезеңінде алынған сынамада тыйым салынған фуросемид перпараты анықталыпты. Спортшы жарыстан 15.08.2018 бастап, 15.08.2022 дейін 4 жылға шеттетілді", - делінген хабарламада. 

Селина - көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2017 Азия чемпионы және 2015 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Қазіргі уақытта Селина "Жұлдыз" жеке мектебінде жаттықтырушылық қызметпен айналысады. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Олимпиада комитеті допингті қолдану мәселелерінде қатаң саясатты ұстанады және халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) "таза" спортшыларды қорғау жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети