Қазақстандық велошабандоз Эквадорда қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық велошабандоз Эквадорда қайтыс болды Ерлан Пернебеков Эквадорда. Сурет: Спортшының ВК желісіндегі парақшасынан алынды.

Эквадорда қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебеков қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" велокомандасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Спортшы құрлықтық "Астана" велокомандасымен бірге Эквадорда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүрген. 14 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша кешқұрым кезекті жаттығу жиындарынан соң Пернебеков басым ауырып тұр деп шағымданып, емханаға жедел жеткізілген. Дәрігерлердің анықтауы бойынша, спортшының күретамыры жарылып кеткен. Оның арты инсультқа алып келген. Дәрігерлер спортшыны сол сәтте-ақ жасанды ессіз күйге (кома) түсірген. Емханада оның қасында үнемі команданың бас бапкері Владимир Ремыга болған. Осы уақыттарда команданың басшылары ҚР СІМ бірлесе отырып, спортшыны елге алып келу мәселесін шешуде. Осы орайда, "Астана" велокомандасы Ерлан Пернебековтың барлық жақындары мен туыстарына көңіл көңіл айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети