Қазақстандық хоккейшілер Универсиаданың жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық хоккейшілер Универсиаданың жартылай финалына шықты

Қазақстандық хоккейшілер ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда шведтерді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық хоккейшілер ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда шведтерді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

"Халық Аренада" өткен ойында 4:0 есебі тіркелді. 11 минутта Константин Савенков есеп ашты. Екінші кезеңде командалар нәтижені өзгерткен жоқ. Ал үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсыластар қақпасына жауапсыз тағы үш шайба тоғытты. 43 минутта Кирилл Савицкий ойыншы басымдығын сәтті пайдаланса, үшінші шайбаны Никита Михайлис өз еншісіне жазды. Ал ойындағы төртінші шайбаны 58 минутта Алексей Анциферов соқты.

Сергей Старыгин жаттықтыратын қазақстандық хоккейшілер қақпасына әлі бірде-бір шайба соқтырған жоқ. Жартылай финалда отандастарымыз 7 ақпан Чехиямен ойнайды. Топтық кезеңде отандастарымыз чехтарды 8:0 есебімен жеңген болатын.

Жартылай финалдағы екінші ойында Ресей мен Канада хоккейшілері кездеседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети