Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты Сайхан Тайсуев. © olympic.kz

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір спортшы жеңімпаз атанды. 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір спортшы жеңімпаз атанды. 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерген Тайсуев қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды. Бұл өз қатарластары арасында әлем чемпионы атану үшін жеткілікті көрсеткіш еді.

Одан бөлек, Сайхан Тайсуев серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Қазақстандық зілтемірші серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордына да түзету енгізді. 

Бұл Қазақстан спортшыларының әлемдік сындағы екінші алтын медалі. Кеше Ақмолда Сайрамкез 61 келіге дейінгі салмақта топ жарған.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасын белгілі ауыр атлет Бақыт Ахметов жаттықтырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мировой рекорд!???????????? ⠀ Сайхан Тайсуев стал чемпионом мира среди юношей в весе 67 кг. В сумме двоеборья ему удалось поднять 288 (127+161) кг. В его активе также "малые" золотые медали в "рывке" и "толчке". Кроме того, Тайсуев установил новый мировой рекорд в "толчке" в своей возрастной категории, а также повторил высшее мировое достижение в сумме двух упражнении. ⠀ Videocredit: USAWeightlifting

Публикация от KAZAKHSTAN OLYMPIC TEAM (@olympickz)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети