Ел телевизиясы тариxындағы бірегей жоба - QazaqstanFighter өз мәресіне келіп жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ел телевизиясы тариxындағы бірегей жоба - QazaqstanFighter өз мәресіне келіп жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның талантты спортшыларының ішінен, аралас жекпе-жек өнерінің шын шеберін анықтау үш ай бойына жалғасқан еді.
Ақтық сында алматылық қос файтер Еламан Шертаев пен Елжан Әлиасқар айқасқа түсті. Тартысты өткен жекпе-жекте Еламан Шертаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бас жүлде 5 млн теңге мен чемпиондық белбеу иесі енді шетелдік промоушендерде бәске түсетін болады. Екінші орын алған Елжан Әлиасқарға 1,5 миллион теңге бұйырды.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде алматылық Асылжан Тасакет, астаналық қарсыласы Аслан Базарбаевты қылқындыру әдісімен ұтты. Асылжан 1 миллион, Аслан 500 мың теңгені еншіледі.
Іріктеу кезеңіне еліміздің әр өңірінен 250 спортшы өтініш білдіріп, негізгі кезеңге сұрыпталып тек 16 ММА шебері өтті. Әділқазылар құрамында елімізге белгілі ММА, бокс өкілдерінен жасақталды. Ресейлік әйгілі UFC шебері Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов те төрешілер құрамында болды.
QazaqstanFighter бұйыртса өз жалғасын таппақ. 2019 жылы аталмыш спорттық реалити-шоу
кәсіпқой бокс өкілдерінің арасында өтуі мүмкін.