Қазақстанның әйелдер құрамасы 3 медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның әйелдер құрамасы 3 медаль жеңіп алды Гюзель Манюрова. Фото ©Ярослав Радловский

Еркін күрестен Қазақстанның әйелдер құрамасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Атап айтқанда, 58 келі салмақта жарыс алаңына шыққан Айжан Ісмағұлова екінші орыннан көрінсе, дәл сол салмақта бағын сынап көрген Меруерт Дынбаева қол медальді қанағат тұтты. Ал команда көшбасшысы, Афины және Лондон Олимпиадасының жүлдегері Гюзель Манюрова болса 75 келі салмақта сайысқа түсіп, күміс медальды ұтып алды. Еске сала кетейік, бұл күндері Минскіде Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Александр Медведтің жүлдесі үшін еркін күрестен 44-ші халықаралық турнир Гран-приі сарапқа салынуда. Турнирдің алғашқы күні қазақстандық спортшылар бұл бәсекеде 5 бірдей медальді жеңіп алды. Ол турнирде өз салмағы бойынша сынға түскен Татьяна Аманжолға тең келер ешкім табылмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети