Қазақстанның гимнаст қыздары сегізінші медальді иеленді - Нанкин Олимпиадасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның гимнаст қыздары сегізінші медальді иеленді - Нанкин Олимпиадасы ©newsfiber.com

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада ойындарында өздерінің үздік көрсеткіштерін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қытайдың Нанкин қаласындағы Олимпиадада гимнаст қыздарымыз сегізінші медальға қол жеткізді. Бұл төрт жыл бұрын болған көрсеткішке қарағанда, бір медальға артық. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада ойындарында өздерінің үздік көрсеткіштерін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қытайдың Нанкин қаласындағы Олимпиадада гимнаст қыздарымыз сегізінші медальға қол жеткізді. Бұл төрт жыл бұрын болған көрсеткішке қарағанда, бір медальға артық. 

Жарыстың топтық жаттығуларында қазақстандық гимнастар үшінші орынға ие болды. Олардың көрсеткіші - 25,050 ұпай. Айта кеткен жөн, іріктеу кезінде еліміздің гимнаст қыздары төртінші орында болған. Алайда финалда олар Өзбекстан құрамасынан озып, қола жүлдені жұлып алды. Әмина Қожахмет, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Дарья Медведева және Нұрай Құмарова өз еліне тағы бір медаль әкеліп, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада тарихында алғаш рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бірінші орында - Ресей, күміс медаль Болгарияға бұйырды. 

Бұған дейін Қазақстанның жас боксшы, әлемнің вице-чемпионы Вадим Казаков күміс медальді жеңіп алған болатын. Оның алдында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов алтын медальді иеленді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Жүсіпов кубалық Алэйн Лимонте Будені жеңді. Айта кетейік, жекпе-жек барысында қазылар алқасы арасында екінші раундтың қалай аяқталғаны жөнінде талас туған. Дегенмен жеңіс Жүсіповтің пайдасына шешілді. Жетінші медальді еркін күрес палуаны Мұхамбет Қуатбек иеленді. Ол Қазақстан құрамасының үшінші алтынын жеңіп алды.

Алғашқы ірі жеңіске дзюдошы Бауыржан Жауынтаев қол жеткізген еді. 17 жастағы спортшы әзірбайжандық Натига Гурбанлиді жеңіп кетті. Оған дейін грек-рим күресінің палуаны Евгений Поливадов және ауыр атлеттер - Жасұлан Қалиев пен Татьяна Капустиналар қола медальді құрама қоржынына салған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети