Қазіргі бессайыстан Амангелді Иманов мемориалы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі бессайыстан Амангелді Иманов мемориалы өтеді Фото pentathlon.kz сайтынан

10-16 шілде күндері Қапшағай қаласында (Алматы облысы) қазіргі бессайыстан ҚР жазғы ашық чемпионаты аясында "Амангелді Иманов мемориалы" халықаралық турнирі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10-16 шілде күндері Қапшағай қаласында (Алматы облысы) қазіргі бессайыстан ҚР жазғы ашық чемпионаты аясында "Амангелді Иманов мемориалы" халықаралық турнирі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысындағы бессайысшылар сыны жазғы Азия ойындарының електік турнирі болып табылады. Яғни бұл турнир рейтингтік сайыс болғандықтан, бессайысшылардың "Амангелді Иманов мемориалында" жинаған ұпайлары қыркүйек айында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін XVII жазғы Азия ойындарына іріктеп алуға әсерін тигізеді.

Осындай маңызы бар ашық біріншілікке Қазақстан мен Қырғызстаннан барлығы 60-қа жуық бессайысшы қатысады.

"Биыл екі елдің бессайысшыларының ғана қатысатындығы әртүрлі жағдайларға байланысты болып тұр. Мысалы, көптеген спортшылар Венгрияда өтетін Еуропа чемпионатында бақ сынайды. Ал "Сарықұрлықтың" бесайысшылары алдағы Азия ойындарына жан-жақты дайындалып жатыр. Қазіргі спорттық баптарының қандай деңгейде екендігін көрсеткілері келмейтіндей. Дегенмен біздің спортшылар үшін бұл өте маңызды сын болып саналады", – дейді қазіргі бессайыстан еліміздің мемлекеттік жаттықтырушысы Оксана Дмитриенко.

Әйтсе де, төрт жылда бір өтетін Азия ойындарына Қазақстан құрамасы дәл осы мемориалдан кейін жасақталмайды. Алда тағы бір електік сын бар. Ол – Қазақстан кубогы аясындағы "Үздіктер турнирі".

Одан кейін Азияның маңдайалды бессайысшыларының бәрі 30 тамыздан 10 қыркүйекке дейін Варшавада (Польша) өтетін әлем чемпионатына қатысуы керек. Ал XVII жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек - 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяда өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети