ҚФФ ұлттық құрамаға нақты тапсырмалар жүктеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚФФ ұлттық құрамаға нақты тапсырмалар жүктеді Саян Хамитжанов. Фото:uefa.com

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов Еуро-2016 додасының жеребесі туралы өз пікірін және құраманың бас бапкері Юрий Красножанның алдына қойылған мақсаттар туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. "Қиын топқа түскенімізге, қарсыластардың деңгейіне, рейтингіне, футболшылардың шеберлігіне қарамастан біз ұлттық құрама бапкерінің алдына өз тобымызда кем дегенде төртінші орын алуды мақсат етіп қойдық. Бұл дегеніміз, біздің топта Қазақстан құрамасынынан төмен екі команда тұру керек. Дегенмен, турнирдің финалдық кезеңіне шығу деген де тапсырма бар. Бірақ, бұл өте қиын болады", - дейді Хамитжанов. Сонымен қатар бас хатшы мақсатты орындауға материалдық және техникалық жағдайлардың барлығы жасалатындығын, құрамаға жаңа бапкердің келуімен Қазақстан футбол тарихындағы жаңа әрі сәтті кезеңдер басталатындығын айтып өтті. Айта кетейік, 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің жеребесі қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы "А" тобына түскен болатын. Бұл топта біздің құрама Нидерланды, Исландия, Латвия, Түркия, және Чехия елдерімен ойнайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети