Қуат Хамитов Жалғас Жұмағұловтың жеңісі туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат Хамитов Жалғас Жұмағұловтың жеңісі туралы пікір білдірді Қуат Хамитов. © Fightnight.ru

Танымал қазақстандық ММА файтері Қуат Найман Хамитов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өз отандасы Жалғас Жұмағұловтың Сочидегі Fight Nights Global 95 турнирінде жеңіске жеткені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық ММА файтері Қуат Найман Хамитов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өз отандасы Жалғас Жұмағұловтың Сочидегі Fight Nights Global 95 турнирінде жеңіске жеткені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кештің басты кездесуінде ол ресейлік Али Багаутиновты төрешілер шешімімен жеңіп, аса жеңіл салмақта ұйымның чемпионы атағын қорғап қалды.

"Жекпе-жек біз күткендей болды. Мен залда отырдым. Сонда жиналғандардың жартысы Қазақстаннан болды. Жағдай ушығып кетер ме деп алаңдады. Қарсыластар да мықты. Бастапқы екі раундты Али алды.Үшінші раундта төрешілер тең баға берген, соңында Жако жеңді. Ол чемпион болған соң, оған сондай жағдай жасалды. Жалпы турнир маған ұнады", - деді Хамитов. 

Хамитов Жұмағұловтың болашағы туралы да тоқтала кетті. "Ол - таңғаларлық спортшы. Ол әрдайым жақсы формамен шығады. Табиғи таланттан мақұрым емес. Оның мықты қазақи мінезі бар. Менің ойымша, Жако - UFC ұйымында өнер көрсетуге әбден лайықты спортшы. Ол сонда бірінші болып баруы керек еді. Дәл қазір барса жаратын еді", - деді Найман. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети