Қырғыз ниндзясы трикингтегі әдістерімен таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз ниндзясы трикингтегі әдістерімен таңғалдырды © facebook/erlan.jusupov

Ерлан Жүсіпов - Азия чемпионы, трикингтен Ресейдің төрт дүркін чемпионы, Ош қаласында дүниеге келген. Спортшы жігіт Tengrinews.kz тілшісіне әлемде танымал болып жатқан ерекше спорт түрі жайлы әңгімелеп берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Жүсіпов - Азия чемпионы, трикингтен Ресейдің төрт дүркін чемпионы, Ош қаласында дүниеге келген. Спортшы жігіт Tengrinews.kz тілшісіне әлемде танымал болып жатқан ерекше спорт түрі жайлы әңгімелеп берді.

"Трикингті "жауынгерлік өнердің әдістері" деп аударуға болады. Спорттың бұл түрі таэквондо, ушу, гимнастика, брейкданс және басқа да спорттық дисциплиналардан тұрады. Ал Орта Азияда трикингтің негізін салушылардың бірі - Азамат Абдуллаев", - дейді Ерлан.

Ол трикингпен 16 жасынан бастап айналысқан, сондай-ақ, спортшы акробатикалық мектепте оқыған екен.

Айтуынша, трикингпен айналысу үшін ешқандай да арнайы жабдық пен құрал-саймандар қажет емес.

"Ең бастысы - сіздің денеңіз бен қалауыңыз. Жалпы трикингпен жалаң аяқ айналысады. Жеңіл киім болуы керек. Ешбір қиындықсыз шпагатқа отыра алатындай ыңғайлы киім керек", - дейді спортшы.

Ерлан Жүсіпов шеберлік әдістерін Желіге жариялап отырады.

Қазіргі уақытта Ерлан каскадерлікпен кәсіби айналысатын Nomad Stunts Team тобында жұмыс істейді, Мәскеуде тұрып жатыр. Ресейде оны "Қырғызстаннан келген ниндзя" деп атайды екен.

Қазір Ерлан әріптестерімен бірге Жаңа Зеландияда түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар голливудтық жоба дайындап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети