Аралас жекпе-жектен ресейлік чемпион Расул Мирзаев жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ирландық Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Мирзаев Instagram желісіндегі аккаунтында жазды.
Аралас жекпе-жектен ресейлік чемпион Расул Мирзаев жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ирландық Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Мирзаев Instagram желісіндегі аккаунтында жазды.
"Конор, жағдайлар бізді қарсы қойды! FIGHT NIGHTS GLOBAL маған 17 маусымда өтетін турнирге қарсылас іздеп жатыр. Жекпе-жекке шығайық! Мен сияқты қарсыласың болмаған, оны сеніммен айта аламын", - деп жазды Мирзаев.
Айта кетейік, 20 сәуірде Макгрегор Twitter-дегі парақшасында мансап жолын аяқтау туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын. Оның 9 шілдеде өтетін UFC 200 турниріндегі Нейт Диаспен реванш жекпе-жегі жүзеге аспайтын болды. Келесі күні 27 жастағы ирландық спорттан кетпейтінін мәлімдеді, ал 25 сәуірде Диаспен қайта шығатынын мәлімдеді.