Mash telegram-арнасы белгілі дағыстандық жауынгер Расул Мирзаевтың 31 желтоқсанға қараған түні Мәскеудегі пәтерінде қаскөйлердің шабуылына тап болған сәтінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Sports.ru.
Mash telegram-арнасы белгілі дағыстандық жауынгер Расул Мирзаевтың 31 желтоқсанға қараған түні Мәскеудегі пәтерінде қаскөйлердің шабуылына тап болған сәтінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Sports.ru.
Видеода (оны мына жерден көруге болады) бірнеше жігіт еденде жатқан спортшыны қатты соққыға жыққан. Оны теуіп, қол ұрып, шынжырмен сабаған. Олар файтерден кешірім сұрауын талап етеді. Қан-жоса болған Мирзаев "Мен Алланың атымен ант бердім", "Мен кешірім сұрадым" дейді.
Бұған дейін Мирзаевты өзінің жерлестері мәскеулік түнгі клубтардың бірінде Конор Макгрегордың спарринг-серіктесі Артем Лобовты қолдағаны үшін әлдекімдердің соққыға жыққаны хабарланған. Лобовқа Хабиб Нурмагомедов жанкүйерлері келіп, жанжал шығарған.
Мирзаевтың қорғаушысы Игорь Запоточный видеоға қатысты былай деп пікір білдірген:
"Интернетте пайда болған бейнежазбадан аралас жекпе-жектің жауынгері Расул Мирзаевқа қатысты жасалған адам айтқысыз қатыгез қылмыстың куәсі болып отырмыз. Сол кезден бастап екі жылдан астам уақыт өтті, ал оны жасауға қатысы бар адамдар осы уақытқа дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған", - деп келтіреді заңгердің сөзін "Спорт-Экспресс".
"Осы қылмысқа қатысы бар барлық адам анықталғанына қарамастан, алдын ала тергеу органдарының мәлімдеуінше, федералдық іздеу жарияланған жоқ, осы уақытқа дейін олардың тұрған жері белгісіз және олар ұсталмаған", - деп мәлімдеді адвокат.