Регина Вандышева "Әлем аруының" спорт байқауында төртінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Регина Вандышева "Әлем аруының" спорт байқауында төртінші орын алды Регина Вандышеваның жеке мұрағатынан

"Қазақстан аруы-2014" атанған Регина Вандышева Қытайда өтіп жатқан 65-ші халықаралық сұлулық конкурсы аясында спорттық байқауға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы-2014" атанған Регина Вандышева Қытайда өтіп жатқан 65-ші халықаралық сұлулық конкурсы аясында спорттық байқауға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлем аруы-2015" ресми сайтында Вандышеваның төртінші орын алғаны хабарланды. Намибия өкілі конкурс жеңімпазы болды, екінші орын Сейшель аралынан келген қызға бұйырды. Үшінші орында Гуам аралынан келген қыз тұр.

Айта кетейік, Вандышева жеңіл атлетикадан спорт шебері.

Бұған дейін қазақстандық қыз дарындылар конкурсында бақ сынады. Вандышева модерн элементі бар би биледі.

Еске сала кетейік, қазір әлем арулары байқаудың 19 желтоқсанда өтетін финалдық кезеңіне дайындалып жатыр. Олар қайырымдылық акцияларына, түрлі конкурс пен дайындықтарға қатысады.


Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети