06 тамыз 2020 | 14:55

"Рекорд орнатты". Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді бағындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram:hudia4ok Фото: instagram:hudia4ok

Қазақстандық спортшы Виталий Худяков рекордтық уақытта Ыстықкөлді жүзіп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық спортшы Виталий Худяков рекордтық уақытта Ыстықкөлді жүзіп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cпортшы шараны Токио Олимпиадасына орай ұйымдастырған. Себебі, 5 тамызда ол Токиода суға жүзуден халықаралық жарысқа қатысуы керек болған.

Виталий Худяков 5 тамызда таңғы сағат Шолпан-Атадан Қажы-Сай жағайына қарай жүзіп шыққан. Екеуінің арасы 56 шақырым болған, судың температурасы 18-19 градус.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

13 сағатта не істеуге болады? ⠀ Мәселен, Ыстықкөлді біздің Виталий Худяков секілді жүзіп өтуге болады! ???? ⠀ Худяков бесінші тамыз күні Шолпан-Ата уақытымен 5:15-те жүзуді бастап, Каджи-Сая жағажайына жетті. Судың темпертаруасы 18-19 градус, ал жалпы қашықтық 56 шақырым. Ыстықкөлдегі ең терең жер 523 метрді құраған. Жалпы алғанда, Виталий Худяков Ыстықкөлді 13 сағат 18 минутта жүзіп өтті! ⠀ #teamKZ ⠀ Что можно сделать за 13 часов? ⠀ Например, проплыть 56 км с одного берега Иссык-Куля на другой, как это сделал наш Виталий Худяков! ? ⠀ Заплыв, который Виталий приурочил к Олимпиаде в Токио, стартовал пятого августа в 5:15 утра из Чолпон-Аты. Худяков финишировал на пляже Каджи-Сая. Дистанция заплыва составила 56 километров при температуре воды 18-19 градусов. Максимальная глубина на маршруте через Иссык-куль составила 523 метра. Время заплыва - 13 часов 18 минут. Это является уникальным достижением по дальности и времени преодоления заплыва! ⠀ @hudia4ok ??????

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Шолпан-Ата - Қажы-Сай бағытындағы судың тереңдегі - 523 метр. Қазақстандық спортшы 13 сағат 18 минутта Ыстықкөлді жүзіп өткен. Бұл - жүзу дистанциясы мен уақыт бойынша ерекше жетістік болып саналады.

Виталий жалпы 56,2 шақырым жүзген. Бұл арақашықтық пен уақытты Қырғызстанның суға жүзу федерациясының өкілі Ахмет Анарбаев тіркеген.

"Мен осындай жетістікке жеткеніме қуаныштымын. Бұл дайындықтың босқа кетпегенін көрсетеді. Алдағы жылы жанкүйерлерімді Токио Олимпиадасында жақсы нәтижемен қуантамын деп ойлаймын", - дейді спортшы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети