Виталий Мутко. Фото "Риа-Новости"
Ресей 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер елдердің қатарынан Қытайды қолдайтынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Бұл туралы Сочи Олиимпиадасы барысында Қытай үйінің ашылу салтанаты кезінде Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко хабарлады. "Барлығы да сіздердің Олимпида ойындарын қабылдауға арналған тапсырыстарыңызға байланысты болады. Біз Сочи қаласын Олимпиаданы қабылдайтын қалалардың қатарына қосқанда бұл тәжірибені басымыздан өткердік. Бірақ, бұл тұрғыда сіздер алғашқы рет бақтарыңызды сынағалы жатқан жоқсыздар. 2008 жылы Бейжіңдегі жазғы Олимпиада ойындарын абыроймен өткердіңіздер. Сондықтан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары да Бейжіңде өтіп қалуы мүмкін", - дейді Мутко мырза Қытайдың Олимпиада комитетінің президенті Лю Пэнмен кездесу барысында. Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қалалардың қатарында Алматы да бар. Одан бөлек Олимпиада ойындарын қабылдауға Осло (Норвегия), Бейжің (Қытай), Львов (Украина), Краков (Польша) сынды қалалар да тапсырыс берген. Бұл тапсырыстар биылғы жылдың 8-9 тамызда қаралып, қалалардың саны қысқартылатын болады. Ал, 31 тамыз күні Куала-Лампурда өтетін Халықаралық Олимпиада комитетінің жиыны барысында Олимпиаданы нақты қай қала қабылдайтыны анықталады.
Ресей 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер елдердің қатарынан Қытайды қолдайтынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы Сочи Олиимпиадасы барысында Қытай үйінің ашылу салтанаты кезінде Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко хабарлады. "Барлығы да сіздердің Олимпида ойындарын қабылдауға арналған тапсырыстарыңызға байланысты болады. Біз Сочи қаласын Олимпиаданы қабылдайтын қалалардың қатарына қосқанда бұл тәжірибені басымыздан өткердік. Бірақ, бұл тұрғыда сіздер алғашқы рет бақтарыңызды сынағалы жатқан жоқсыздар. 2008 жылы Бейжіңдегі жазғы Олимпиада ойындарын абыроймен өткердіңіздер. Сондықтан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары да Бейжіңде өтіп қалуы мүмкін", - дейді Мутко мырза Қытайдың Олимпиада комитетінің президенті Лю Пэнмен кездесу барысында.
Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қалалардың қатарында Алматы да бар. Одан бөлек Олимпиада ойындарын қабылдауға Осло (Норвегия), Бейжің (Қытай), Львов (Украина), Краков (Польша) сынды қалалар да тапсырыс берген. Бұл тапсырыстар биылғы жылдың 8-9 тамызда қаралып, қалалардың саны қысқартылатын болады. Ал, 31 тамыз күні Куала-Лампурда өтетін Халықаралық Олимпиада комитетінің жиыны барысында Олимпиаданы нақты қай қала қабылдайтыны анықталады.