Ресей құрамасы алтын медаль бойынша рекорд орнатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Олимпиада ойындарының жеңіс тұғырынан тарихта алғаш рет Ресей шаңғышылары   бірдей көрінді. ©РИА Новости Олимпиада ойындарының жеңіс тұғырынан тарихта алғаш рет Ресей шаңғышылары бірдей көрінді. ©РИА Новости

Ресей құрамасы Сочи Олимпиадасында 12 алтын жүлде олжалап, қысқы Олимпиада ойындарында алынған медаль саны бойынша жаңа рекорд орнатты деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Бұған дейін Ресей құрамасы осы негіздегі жоғары көрсеткішке 1994 жылғы Лиллехаммердегі Олимпиада ойындарында ие болып еді. Ол кезде ресейлік спортшылар 11 алтын медаль ұтып алған болатын. Сонымен қатар Ресей құрамасы Сочиде 32 жүлдені қанжығалап, КСРО құрамасының медаль саны бойынша қол жеткізген жетістігінен де асып түсті: 12 алтын, 11 күміс және 9 қола. Ресейге 12-ші алтынды 50 шақырымдық жарысқа түскен шаңғышы Александр Легков бұйыртты. Бұл додада күміс және қоланы оның отандастары - Максим Вылегжанин және Илья Черноусов иемденді. Осылайша Ресей құрамасы Сочи Олимпиадасының жалпы командалық есебінде ең биік тұғырдан көрінді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro