Ресейдің Анапа қаласының соты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін танымал файтер Александр Емельяненконы 7 тәулікке қамады, - деп хабарлайды РЕН ТВ.
Ресейдің Анапа қаласының соты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін танымал файтер Александр Емельяненконы 7 тәулікке қамады, - деп хабарлайды РЕН ТВ.
Оқиға 21 қаңтарға қараған түні Анападағы қонақ үйлердің бірінде болған. Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Супсех кентіндегі "Спорт" базасында спортшы Магомед Исмаиловқа қарсы жекпе-жекке дайындалып жатқаны белгілі. Жергілікті тұрғындар оны саябақта және жағалаудан жиі көретін болған.
Sports.ru мәліметінше, Емельяненко мас күйде бұзақылық жасаған.
Александр Емельяненко - ресейлік файтер, ProFC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан Ресей мен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, дзюдодан спорт шебері.
Пауэрлифтер Михаил Кокляевті жеңгеннен кейін Александр Емельяненкоға қарсыласын Магомед Исмаилов жекпе-жекке шақырды. Кездесу 3 сәуірде Мәскеу қаласында Absolute Championship Akhmat турнирінде аясында өтеді.