22 қаңтар 2020 09:03

Ресейде Александр Емельяненко қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Емельяненко. © sports.ru Александр Емельяненко. © sports.ru

Ресейдің Анапа қаласының соты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін танымал файтер Александр Емельяненконы 7 тәулікке қамады, - деп хабарлайды РЕН ТВ.


Ресейдің Анапа қаласының соты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін танымал файтер Александр Емельяненконы 7 тәулікке қамады, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

Оқиға 21 қаңтарға қараған түні Анападағы қонақ үйлердің бірінде болған. Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Супсех кентіндегі "Спорт" базасында спортшы Магомед Исмаиловқа қарсы жекпе-жекке дайындалып жатқаны белгілі. Жергілікті тұрғындар оны саябақта және жағалаудан жиі көретін болған. 

Sports.ru мәліметінше, Емельяненко мас күйде бұзақылық жасаған. 

Александр Емельяненко - ресейлік файтер, ProFC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан Ресей мен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, дзюдодан спорт шебері.

Пауэрлифтер Михаил Кокляевті жеңгеннен кейін Александр Емельяненкоға қарсыласын Магомед Исмаилов жекпе-жекке шақырды. Кездесу 3 сәуірде Мәскеу қаласында Absolute Championship Akhmat турнирінде аясында өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети