11 маусым 2017 | 12:58

Ресейге көшіп кеткен тараздық шахматшы қыз ересек гроссмейстерлерді састырды

Мәскеуге көшіп кеткен тараздық 13 жастағы Бибісара Асаубаева ерлер арасындағы халықаралық шебер нормасын орындады. Мамандардың өзі құбылыс деп баға беріп отырған жетістік жайлы қыздың анасы Лиана Таңжарықова Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуге көшіп кеткен тараздық 13 жастағы Бибісара Асаубаева ерлер арасындағы халықаралық шебер нормасын орындады. Мамандардың өзі құбылыс деп баға беріп отырған жетістік жайлы қыздың анасы Лиана Таңжарықова Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Бибісара Минск қаласында ерлер арасындағы Еуропа чемпионатына қатысты. Ол үш рет жеңіліс тауып, үш рет жеңіске жетіп, тағы төртеуінде тең түскен. 11 ұпайдың 5,5-ын жинаған ол 141 рейтингінде Эло пунктін орындады. 

Реклама
Реклама

"Мұндай ешкімнің қолынан келмеген", - деді Бибісараның анасы.

Жас шахматшы Германия, Израиль, Польша, Түркия, Украина, Ресей және тағы да басқа елдердің ересек гроссмейстерлерімен ойнады.  

"Бұл турнир өзіме қатты ұнады. Ерлермен ойнаған жаныма жақын! Турнир бойы ұпай жайлы, перфоманс жайлы ойламадым, тек ойын жайлы бас қатырдым, шахматтан ұстазым Анастасия Сорокина халықаралық шебер нормасын орындағанымды айтып, құттықтағанда ғана қатты таңғалдым - мен халықаралық шеберлер ұпайын орындадым! Рақмет, Минск! Сені сүйіп қалдым! Кездескенше!", - деп қуанышын бөлісті ол.


© facebook

Айта кетейік, 31 қазанда Асаубаева балалар арасындағы әлем чемпионатын бесінші рет ұтты. Осыған дейін 12 жастағы шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваның биылғы тамыздан бері Қазақстан емес, Ресейдің намысын қорғайтыны хабарланған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная