02 қыркүйек 2016 10:42

Қазақстандық 12 жастағы шахматшы қыз Ресейдің атынан өнер көрсететін болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бибісара Асаубаева © chess-news.ru Бибісара Асаубаева © chess-news.ru

Қазақстандық 12 жастағы шахматшы қыз Бибісара Асаубаева тамыз айынан бастап Қазақстанның атынан емес, Ресейдің атынан өнер көрсететін болады. Бұл туралы Сhess-news.ru басылымы жазады.


Қазақстандық 12 жастағы шахматшы қыз Бибісара Асаубаева тамыз айынан бастап Қазақстанның атынан емес, Ресейдің атынан өнер көрсететін болады. Бұл туралы Сhess-news.ru басылымы жазады.

"Cергей Нестеровтың шақыруымен Бибісара Асаубаева Мәскеу облысының Шахмат федерациясына жазылады. Ол қазір Химкиде тұрып жатыр", - делінген мақалада.

Басылымның мәліметінше, Бибісара осы уақытқа дейін әлем бойынша түрлі жас аралығында өткен мектеп чемпионаттарында үш рет жеңіске жетті. Тіпті сегіз жасқа дейінгі қыздар арасында ғаламшар чемпионы да атанған екен. "Қазақстан чемпионаттарында бірнеше рет жеңіске жетті. Жеті жасында Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер шебері атағын иеленген. Бұл рекорд болып саналады", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, Бибісара Таразда дүниеге келген. Төрт жасында атасы алғаш шахматтан сабақтарды беріп, содан Бибісараның шахматқа қызығушылығы артқан. "2008 жылы мен теледидардан Кирсан Илюмжиновтың Александра Костенюкке алтын медаль беріп жатқанын көрдім. Содан оған тәж тақты. Сол уақыттан бері мен әлем чемпионы болуды армандадым", - деді 12 жастағы Бибісара.

Шахматшы қыздың Facebook желісінде парақшасы бар екен. Бірақ соңғы жазбаны қыз 2014 жылдың желтоқсан айында қалдырыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети