Маңғыстауда 200-ден аса ер адамға әйелдерге арналған қымбат ота “жасалған“

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда 200-ден аса ер адамға әйелдерге арналған қымбат ота “жасалған“ Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Назарға екі жекеменшік клиниканың басшылығы ілікті, - деп хабарлайды TengriHealth Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Клиника басшылығы не үшін күдікке ілінді?

Тергеу мәліметтері бойынша, "ИБН СИНА" және "SOFIE MED GROUP" медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған "варикоцеле" диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның – "кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы" қызмет кодын көрсеткен.

"Нәтижесінде 200-ден аса ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар 19 жағдайда пациенттер аталған клиникаларға жүгінгенін мүлде растаған жоқ", - деп хабарлады ҚМА.

Келтірілген залал көлемі 221 миллион теңгеден асты. Тергеу жалғасып жатыр.