Рестлер шаршы алаңда алған жарақатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рестлер шаршы алаңда алған жарақатынан қайтыс болды © uproxx.com/

La Parka лақапатымен танымал болған мексиканский рестлер Хесус Альфонсо Эскобоза Уэрта 2019 жылы қазанда жекпе-жек кезінде алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл туралы спортшы өнер көрсеткен Lucha Libre AAA промоушеннің Twitter-аккаунтында хабарланды, - деп хабарлайды "Лента.ру"

Уэрта рингтен секіріп, әдіс жасамақшы болған, алайда ол сәтсіз құлап, басымен металл қоршауға соқтығысқан. Рестлерді ауруханаға жеткізген, дәрігерлер оған бірнеше ота жасаған, оның ішінде бас сүйегін ашқан, алайда мексикалықты аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол 12 қаңтарға қараған түні 54 жасында қайтыс болды. 

Уэрта 1996 жылы рестлинте алғаш рет өнер көрсеткен, ол кезде Karis la Momia лақап атымен шыққан еді. Спортшы Мексикадағы танымал рестлерлердің бірі болған. Lucha Libre AAA сайтында ол нағыз идол және жаратылысынан көшбасшы болды деп сипатталған.

 2019 жылы мамырда мексикалық Сезар Гонсалес Лондонда Lucha Libre AAA шоуында қайтыс болған еді. Спортшы Күміс король лақапатымен танылған қарсыласынан жеңіліп, еденде жатып қалған. Төреші мен қарсыласы Гонсалестің халі нашарлағанын бірден аңғармаған. Болжаммен ол жүрек ұстамасынан қайтыс болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети