La Parka лақапатымен танымал болған мексиканский рестлер Хесус Альфонсо Эскобоза Уэрта 2019 жылы қазанда жекпе-жек кезінде алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл туралы спортшы өнер көрсеткен Lucha Libre AAA промоушеннің Twitter-аккаунтында хабарланды, - деп хабарлайды "Лента.ру".

Уэрта рингтен секіріп, әдіс жасамақшы болған, алайда ол сәтсіз құлап, басымен металл қоршауға соқтығысқан. Рестлерді ауруханаға жеткізген, дәрігерлер оған бірнеше ота жасаған, оның ішінде бас сүйегін ашқан, алайда мексикалықты аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол 12 қаңтарға қараған түні 54 жасында қайтыс болды.
Уэрта 1996 жылы рестлинте алғаш рет өнер көрсеткен, ол кезде Karis la Momia лақап атымен шыққан еді. Спортшы Мексикадағы танымал рестлерлердің бірі болған. Lucha Libre AAA сайтында ол нағыз идол және жаратылысынан көшбасшы болды деп сипатталған.
Con mucha tristeza lamentamos informar que nuestro amigo e ídolo de la lucha libre mexicana Jesús Alfonso Escoboza Huerta "LA PARKA" ha fallecido.
— Lucha Libre AAA (@luchalibreaaa) January 12, 2020
Externamos nuestro apoyo y condolencias a toda su familia y elevamos nuestras oraciones para su pronta resignación.
Descanse en paz pic.twitter.com/JNtTYKOlwG
2019 жылы мамырда мексикалық Сезар Гонсалес Лондонда Lucha Libre AAA шоуында қайтыс болған еді. Спортшы Күміс король лақапатымен танылған қарсыласынан жеңіліп, еденде жатып қалған. Төреші мен қарсыласы Гонсалестің халі нашарлағанын бірден аңғармаған. Болжаммен ол жүрек ұстамасынан қайтыс болған.