Рио-2016: Қырғызстандық ауыратлет допинг қолданғаны үшін қола медалінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио-2016: Қырғызстандық ауыратлет допинг қолданғаны үшін қола медалінен айырылды © Zanoza.kg

Спорт артибтраж соты (CAS) Рио Олимпиадасында қола жүлдесін жеңіп алған қырғыз зілтеміршісі Иззат Артықовты медалінен айырды. Ауыратлеттің допинг-сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың барын көрсеткен, - деп хабарлайды Zanoza.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спорт артибтраж соты (CAS) Рио Олимпиадасында қола жүлдесін жеңіп алған қырғыз зілтеміршісі Иззат Артықовты медалінен айырды. Ауыратлеттің допинг-сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың барын көрсеткен, - деп хабарлайды Zanoza.kg.

Спортшы 10 тамызда 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді. Сол уақытта Артықов 339 ұпаймен (жұлқа көтеру - 151 келі, серпе көтеру - 188 келі) қола медальді жеңіп алған. Алайда спортшының ағзасында "стрихнин"деп аталатын тыйым салынған зат табылып отыр", - делінген CAS хабарламасында.

Айта кетейік, бұл Олимпиада ойындарында жүлдеден айырып отырған бірінші жағдай. Бұл келіде алтын медаль қытайлық ауыратлет Ши Чжиюнға, ал күміс медаль Түркия спортшысы Данияр Исмаиловқа бұйырған болатын.


© Zanoza.kg

Айта кетейік, бұл Қырғызстан құрамасының әзірше биылғы жалғыз медалі болатын. Порталдың мәліметінше, Иззат Артықовқа өмір бойынша төленетін 15 мың сомасындағы шәкіртақы тағайындалып қойған. Сонымен қатар, үкіметтен оған алдағы төрт жыл бойында ай сайын төленіп отыратын 45 мың сом көлеміндегі шәкіртақы тағайындалған екен. Оның үстіне 3,5 миллион сом көлемінде сыйақы қарастырылған, ал бас бапкері мен жеке бапкері 875 мың сомнан алатын болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети