10 тамыз 2016 02:15

Рио Олимпиадасы: Ауыратлет Карина Горичева ел қоржынына төртінші медальді салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Карина Горичева Рио Олимпиадасында ел қоржынына төртінші медальді салды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық ауыратлет Карина Горичева Рио Олимпиадасында ел қоржынына төртінші медальді салды, - деп хабарлайды Vesti.kz

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз қола медальді жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 111 келіні еңсеріп, екінші орында тұрған еді. Кейін серпе көтеруде 132 келіні еңсерді. Осыдан кейін де ол 137 келіге тапсырыс берген, алайда бұл салмақты көтере алмады. 

Осылайша Горичева жалпы есепте 243 келімен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл салмақ дәрежесінде қытайлық Дэн Вэй 262 ұпаймен (115+147) чемпион атанды. Екінші орынды КХДП елінің намысын қорғаған Чхве Хе Сим 258 ұпайымен алды (105+143).

Бұл медаль еліміздің қоржынына түсіп отырған төртінші медаль. Осыған дейін дзюдошы Елдос Сметов күміс, дзюдошы қыз Галбадрах Отгонцэцэг қола, ауыратлет Фархад Харки қола медаль жеңіп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети