Риода өтетін Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының атқарушы продюсері Марко Балич ашылу салтанаты қарапайым әрі Бейжің мен Лондонда өткен Олимпиада ойындарының деңгейімен салыстыруға болмайтындай өтетінін мәлімдеді - деп хабарлайды Вести.Ru.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 5 тамызда аңызға айналған "Мараканада" өтеді. Айта кетейік, ашылу салтанатының шығыны шамамен 20 миллион доллар. Мәселен, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының шығынымен салыстыратын болсақ, онда шығын 42 миллион долларды құраған болатын.
"Бразилияда болған жағдайға байланысты біздің шоу шулы, сән-салтанатты болмайды. Бейжіңдегідей аса зәулімділік, Афиныдағы арнайы эффектілер мен Лондондағы жаңа технологиялық жаңартулар болмайды. Қарапайым, бірақ заманауи шара болады. Бұл Бразилияда өмір сүрудің қаншалықты керемет екенін көрсету емес", - деп келтірді Баличтың сөзін РИА Новости.