Риода моңғол бапкерлері төрелікке наразылығын білдіріп, шешініп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риода моңғол бапкерлері төрелікке наразылығын білдіріп, шешініп тастады © Евгений Слюсаренко, "Чемпионат"

Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының соңғы күні тағы бір даумен ұласты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының соңғы күні тағы бір даумен ұласты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға Олимпиада ойындарында еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Мандахнаран Ганзориг пен өзбекстандық Ихтиер Наврузовтың қола медаль үшін талас кезінде болған.

Кездесудің соңғы минуттарында моңғолиялық балуан Ганзориг 7:6 есебімен ұтып жатқан. Осы кезде моңғолиялық спортшы қарсыласынан қашқақтай бастаған. Кездесудің аяқталғаны жөнінде белгі берілген кезде моңғолиялық балуанмен оның командаластары жеңіске қуана бастайды, алайда олар ерте қуанып қойған, себебі таблода кездесу тең (7:7) аяқталды деген есеп көрсетілген. Артынша кездесудің жеңімпазы 8:7 есебімен Наврузов деп көрсетілген.

Осыдан кейін дау басталған. Соңында моңғолиялық бапкерлер кілемнің үстінде шешініп тастап, ол жерден кетуден бас тартқан. Осы наразылыққа қарамастан, кездесудің төрешілері өз шешімдерін өзгертпей, турнирдің қола жүлдегері Өзбекстан балуаны деп қалдырған. Риода Моңғолия құрамасы бір күміс және бір қола медальді иеленген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети