Риода өтетін Олимпиада ойындарына босқындар құрамасы қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риода өтетін Олимпиада ойындарына босқындар құрамасы қатысады © Breakawaygroup.ru

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына босқындар құрамасы қатысады. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына босқындар құрамасы қатысады. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Халықаралық олимпиада комитеті босқындар Риода өтетін олимпиада ойындарына қатыса алады деген шешім қабылдады. Олар олимпиада қалашығында тұрады. Біз осы шешім арқылы босқындарға қолдау білдіргіміз келеді. Осылайша босқындар мәселесіне әлемнің назарын аударсақ дейміз", - деді Бах.

ХОК басшысы команданың үлкен болмайтынын айтып отыр. "Олимпиадаға қатысатын спортшылардың деңгейінің жоғары болуына байланысты біз команда үлкен болмайды деп ойлап отырмыз. Бәрі дұрыс болса, командада бестен он адамға дейін болуы мүмкін", - деді ол. Босқындардың нақты қай спорт түрінен өнер көрсететіні әзірше белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети