25 мамыр 2019 17:37

"Ролан Гаррос" турнирінде қазақстандық тенисшілердің қарсыластары анықталды

© olympic.kz

Парижде үлкен тенниснен Франция ашық біріншілігі - "Ролан Гаррос" турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде үлкен тенниснен Франция ашық біріншілігі - "Ролан Гаррос" турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Турнирдің негізгі бөлімінде төрт спортшымыз бақ сынайды. Юлия Путинцева бірінші айналымда швециялық Ребекка Петерсонға қарсы ойнаса, Зарина Дияс Франция өкілі Одри Альбимен өзара мықтыны анықтайды. 

Реклама
Реклама

Ерлер арасындағы негізгі бөлімде Александр Бублик пен Михаил Кукушкин сынға түседі. Бублик Германия өкілі Рудольф Меллекермен, Кукушкин франциялық Мартин Клижанмен ойнайды. 

Ал іріктеу кезеңдерінен өткен Елена Рыбакинаның қарсыласы - чехиялық Катерина Синякова. 

"Үлкен Дулыға" санатындағы төрт турнир қатарына енетін "Ролан Гаррос" бәсекесі 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Қазақстандық спортшылар жарысты 27 мамыр күні бастайды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359511/thumb_m/photo_121729.png"
    "title" => "Путинцева биылғы WTA 1000 турнирлеріндегі жеңіс саны бойынша топ-4-ке енді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/putintseva-biyilgyi-wta-1000-turnirlerndeg-jens-sanyi-359511/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_358810/thumb_m/photo_120966.jpeg"
    "title" => "Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында тағы да жеңілді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/elena-ryibakina-mayamideg-turnirdn-finalyinda-tagyi-da-jenld-358810/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_357577/thumb_m/photo_119619.jpeg"
    "title" => "Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалына шықты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/aleksandr-bublik-frantsiyadagyi-turnirdn-finalyina-shyiktyi-357577/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_357407/thumb_m/photo_119447.png"
    "title" => "Ресейлік Александр Шевченко келесі аптадан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/reseylk-aleksandr-shevchenko-keles-aptadan-bastap-kazakstan-357407/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2023/news_354089/thumb_m/photo_115983.jpeg"
    "title" => "Дэвис кубогы: қазақстандық теннисшілер Болгариямен алғашқы екі матчта жеңіске жетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/devis-kubogyi-kazakstandyik-tennisshler-bolgariyamen-354089/amp/"
  ]
]