25 мамыр 2019 17:37

"Ролан Гаррос" турнирінде қазақстандық тенисшілердің қарсыластары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Парижде үлкен тенниснен Франция ашық біріншілігі - "Ролан Гаррос" турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Турнирдің негізгі бөлімінде төрт спортшымыз бақ сынайды. Юлия Путинцева бірінші айналымда швециялық Ребекка Петерсонға қарсы ойнаса, Зарина Дияс Франция өкілі Одри Альбимен өзара мықтыны анықтайды. 

Ерлер арасындағы негізгі бөлімде Александр Бублик пен Михаил Кукушкин сынға түседі. Бублик Германия өкілі Рудольф Меллекермен, Кукушкин франциялық Мартин Клижанмен ойнайды. 

Ал іріктеу кезеңдерінен өткен Елена Рыбакинаның қарсыласы - чехиялық Катерина Синякова. 

"Үлкен Дулыға" санатындағы төрт турнир қатарына енетін "Ролан Гаррос" бәсекесі 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Қазақстандық спортшылар жарысты 27 мамыр күні бастайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети