Рөлде телефонмен сөйлесу мен қауіпсіздік белдігін тақпау: бірінші айда камералар қанша заңбұзушылықты анықтады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рөлде телефонмен сөйлесу мен қауіпсіздік белдігін тақпау: бірінші айда камералар қанша заңбұзушылықты анықтады? Фото:depositphotos.com

12 наурыздан бастап Қазақстанда жолдағы камералар бұрын тек патрульдік экипаждар анықтаған бірнеше заңбұзушылықты, атап айтқанда, қауіпсіздік белдігін тақпау мен көлік тізгінінде телефон пайдалануды бақылай бастады. Tengri Auto Ішкі істер министрлігінен камералар жұмыс істеген алғашқы айда қанша заңбұзушылық тіркелгенін білді.

Ведомство мәліметінше, аталған кезеңде қауіпсіздік белдігін тақпай жүрудің 3 042 дерегі және көлік тізгінінде телефон пайдаланудың 18 дерегі тіркелді.

Көлікте телефонды қалай пайдалану керек?

Бұған дейін полиция ұстағышқа бекітілген телефонды навигатор ретінде пайдалануға болатынын, бірақ ол үшін жүргізуші қозғалыс кезінде құрылғымен ешқандай әрекет жасамауы тиіс екенін түсіндірген болатын.

Бұл ретте заңнама телефонды қолмен ұстау талап етілмесе, заманауи байланыс технологияларын пайдалануға тыйым салмайды.

Оларға hands-free жүйелері, Bluetooth, көліктің штаттық мультимедиялық жүйелері, сондай-ақ дауыспен басқару функциясы жатады.

Камералар тағы нені көреді?

Естеріңізге сала кетейік, енді камералар құжаттарға қатысты заңбұзушылықтарды да тіркей алады:

  • мерзімі өткен техникалық байқау;
  • қолданыстағы сақтандыру полисінің болмауы.

Сондай-ақ заң рұқсат еткен жағдайларда жүйе автоматты түрде ескерту жасай алады. Мысалы, кептеліс тудырғанда немесе сыртқы жарық құрылғыларын дұрыс пайдаланбағанда.

Тағы оқыңыз: "Сергек" тағы бір заңбұзушылықты анықтауға бейімделмек.

TengriAuto